Білім

«IQanat-2023»: 25 дарынды бала облыс намысын қорғайды

Еліміздің 8-сынып оқитын ауыл оқушылары арасында өткізілетін «IQanat-2023» республикалық олимпиадасының дәстүрге айналғаны қашан?! Биыл да жалғасын тапқан ең ауқымды олимпиаданың республикалық кезеңі Астанада өтуде. Ақтық кезеңге елдің түпкір-түпкірінен жиналған 824 оқушы елордада бас қосты. Бұл қатарда олимпиаданың аймақтық кезеңінен жолдама алған 25 дарынды бала республикалық кезеңде облыс намысын қорғайды.

IQanat High School of Burabay – еліміздегі ең жоғары технологиямен қамтамасыз етілген мектептердің бірі. Республикалық кезеңде үздік нәтиже көрсеткен 120 оқушы осы мектепте білім алу мүмкіндігіне ие болады. Ал, осы мектепті тәмамдаған түлек Nazarbayev University, University of Purdue, Polytechnic University of Hong Kong, University of Chicago және тағы басқа да университеттерде оқи алады.

Айта кетейік, «IQanat» қоғамдық қоры – ауыл балаларына сапалы білімге жол ашу мақсатында құрылған. “IQanat” әлеуметтік жобасын жүзеге асыру үшін қорға 100-ден астам құрылтайшы өз үлесін қосқан. Ауыл оқушыларын қолдап, ауылдағы білім сапасын арттыру мақсатында қазақстандық кәсіпкерлер үлкен көмек көрсетуде.

Олимпиада қорытындысы ертең белгілі болады.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button