Қарағанды

ИППОТЕРАПИЯ ҚЫЗМЕТІ

   Қарағанды қаласында ағымдағы жылдың желтоқсан айынан бастап «Рухани жаңғыру» жобасы аясында «Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды иппотерапия арқылы сауықтыру мен оңалту» әлеуметтік жобасы іске асырылуда.

Жобаның мақсаты – баланың белсенді және белсенді емес қозғалысын қалпына келтіру және жақсарту, баланың функционалды мүмкіндіктерін жақсарту, ерекше қажеттіліктері бар балалары бар отбасыларға көмек болып табылады.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында қалалық бюджет қаражаты есебінен осы әлеуметтік жоба «Карат» ат клубының базасында «Бота» ҚБҚҚ-мен  жүзеге асырылады.

Иппотерапия кезінде емдеу сенансы (сабақ түрінде) аттың көмегімен орындалады. Балалармен мамандандырылған иппотерапевт және атпен жүру нұсқаушысы айналысады. Бала иппотерапия маманымен арнайы әзірленген жаттығуларды орындайды.

Бір айда иппотерапиямен 12 адам қамтылады.

Иппотерапия сеансының көмегімен, біз БЦСА және түрлі неврологиялық аурулары бар балаларға денсаулығының жақсаруына үміттенеміз. Бұл церебралды сал ауруын, аутизм, моторлық және сөйлеу әрекеттерін жақсартады, сөйлеу белсенділігін арттырады  және алғашқы тәуелсіз қадамды жасау мүмкіндігін береді.

Қарағанды қаласының әкімдігі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button