Басты міндеттер – инвестиция, баспана және әлеуметтік сала

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек облыстық мәслихат сессиясында бірінші кезекте шешілетін үш басты міндетті атады. Олар – инвесторлармен жұмыс және бизнесті қолдау, тұрғын үй мәселесі мен әлеуметтік саланы дамыту.

– Биыл облыста инвестиция көлемі 650 млрд доллар, бұл – рекордтық көрсеткіш. Қарқынды бәсеңдетпеу, бизнес-ахуалды жақсарту, «қарапайым заттардың экономикасын» дамыту қажет. Осының барлығы экономикалық тұрақтылық пен жаңа жұмыс орындарын береді, – деді аймақ басшысы.
Облыс әкімінің айтуынша, адамдар үшін өмір сапасының негізі тұрғын үй. “Бұл – өте өзекті мәселе. Сондықтан, біз қолжетімді тұрғын үй мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіспіз. Екі жылда облыста барлық қаржыландыру көздері есебінен 420 мың шаршы метр тұрғын үй салынды. Бұл жылына 4 300 пәтер деген сөз. Бірақ, облыстың әлеуеті әлдеқайда жоғары, – деді ол.
– Біз «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында мемлекет ұсынатын барлық мүмкіндіктерді пайдаланамыз. Көп балалы отбасыларға пәтер береміз. Тұрғын үй – басты мәселе. Келесі жылы тұрғын үй құрылысының көлемін арттыруымыз керек. Әлеуметтік сала да назардан тыс қалмайды. Сапалы білім беру, денсаулық сақтау және спорт мекемелеріне инвестиция салу сияқты жағдайларды реттеуге қаражат салу, қызметтердің қолжетімділігін артыру сынды мәселелердің барлығы сайып келгенде азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған, – деп мәлімдеді облыс әкімі.
Депутаттар сессияда «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру барысы мен облыста туризмді дамыту мәселелерін қарастырды.
Жеңіс Қасымбек осы бағыттар бойынша құрылған жоспарлар туралы айтып берді. Оның айтуынша, жол саны бірнеше есеге артады, оның ішінде, жергілікті жолдарды жөндеу де қарастырылған.
Көптен күткен Қызылорда-Жезқазған жолына жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланған. Осы жоба бойынша ЖСҚ әзірленуде. Құрылыс 2020 жылы басталмақ.
Аймақ басшысының басшысының айтуынша, туризмді дамыту және инфрақұрылымға байланысты бұл салада проблемалар жеткілікті. Биыл Балқаш әуежайында жаңартылған ұшу-қону жолағы ашылады. Бұл ретте шағын авиацияға да басымдылық жасалмақ. Қарқаралы және Ұлытау аудандарында жергілікті әуе желілерінің аэродромдарын салу жоспары бар. Келесі жылы Қарағандыдан Шымкентке және Алакөлге әуе рейстері іске қосылады.
Жеңіс Қасымбек Ұлытау ауданындағы сапар орталығын салуды жеделдетуді тапсырды.