Басты тақырып

ИНВЕСТИЦИЯ ҚҰЮҒА МҮДДЕЛІ

    «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің “Шахтинская” шахтасында 8 Д1-2 жаңа тазалау кенжары іске қосылды. Компания лаваны жабдықтауға барлығы 500 миллион теңге инвестиция салды. Жаңа лаваның кенжар бөлігінің ұзындығы 130 метрді, көмір қоры 590 мың тоннаны құрайды.  Жаңа лава пайдалануға берілгеннен кейін «Шахтинская» шахтасында көмір өндірудің орташа тәуліктік көлемі 3000 тоннаны құрайды. Онда көмір  тоғыз ай ішінде өндірілетін болады.  Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлайды.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, кешенді жұмыстар жоғары өнімді көмір өндіру қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін атқарылған. «Ерекше назар лаваны желдету және аэрогазды қорғауға аударылды, кенжар Davis Derby газды бақылау мониторингтың жоғары технологиялық жүйесімен жабдықталған. Ол кенжарда кеніш атмосферасының жай-күйін бақылауды тұрақты жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мемлекеттік комиссия жаңа кенжарды пайдалануға «өте жақсы» деген бағамен қабылдады» делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Жаңа лаваны монтаждау белгіленген мерзімде және 40 күнде орындалған көрінеді. Ал ұқсас кешендер кемінде 60 тәулік монтаждалады. Лаваны монтаждау үшін қажетті қайта пайдалану жабдықтары «АрселорМиттал  Теміртау» АҚ-ның еншілес компаниясы «Құрылысмет» ЖШС күшімен жөндеуден өткен екен.

Леонид КОСТОГЛАДОВ, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департементінің техникалық директоры:

– Биыл  барлық шахталарды дамыту үшін   қомақты қаражат салудамыз. 2017 жылы компания шахталарында сегіз жаңа лава іске қосылды. Алдағы жоспарымыз – Ленин атындағы шахтада жаңа тазалау кенжарын іске қосу.

Қызғалдақ АЙТЖАНОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button