Иесіз итке қамқорлық

   Балқаш қаласының әкімдігі иесіз итке пана салу үшін «Человек и питомец» қоғамдық бірлестігіне 0,3 гектар жер телімін бөлді. Көктемге қарай қаңғыған итті қамайтын бірнеше қаумал бой көтереді.

Қазір қауымдасқан бірқатар қоғамдық белсенді қараусыз қалған 85 ит-күшікті қамқорлыққа алған.

«Еріктілер ит пен күшікке арналған 16 қаумал тұрғызуды жоспарлап отыр. Қасында ветеринарлық зертхана болады. Иттің тұрағы дуалмен қоршалады» делінген қала әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Әлібек ӘБДРАШ

БАЛҚАШ қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.