БалқашАймақБас тақырып

Халықаралық еріктілер форумы Балқашта басталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының шешімімен 2026 жыл бүкіл әлемде Халықаралық еріктілер жылы болып жарияланған. Осыған орай Қарағанды облысының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Балқаш өңірінде үш күнге созылатын Халықаралық еріктілер форумы басталды. Форумның негізгі тақырыбы ретінде экология мәселесі таңдалды.

Шараға Түркия, Үндістан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан және Түрікменстаннан келген делегациялар қатысуда. Сонымен қатар, Қазақстанның әр өңірінен жиналған еріктілер бас қосқан. Қатысушылардың басым бөлігін облыстық «Сарыарқа жастары» еріктілер қозғалысының мүшелері.
Жастар ресурстық орталығының басшысы Аслан Қабегеновтің форум аясында қатысушылар үшін білім беру, тәжірибе алмасу және экологиялық бағыттағы бірқатар іс-шара өткізіліп жатқанынбаса айтты.

Суреттерді түсірген Жангелді Әбдіғалым

– Біріккен Ұлттар Ұйымы бекіткен тұрақты дамудың мақсатын еріктілерге түсіндіру және олардың қоғамдағы рөлін кеңінен насихаттау үшін арнайы интерактивті ойындар ұйымдастырылуда. Экологиялық бағыттағы іс-шараларға ерекше көңіл бөлініп отыр. Атап айтқанда, «Мөлдір бұлақ» республикалық акциясы аясында Балқаш көлінің жағалауын тазалау жұмыстары жүргізіледі. Біз еріктілердің қатысуымен түрлі экологиялық бастамалар мен белсенді акцияларды тұрақты түрде ұйымдастырып келеміз. Форумның қорытынды бөлімінде шетелдік делегаттар өз елдеріндегі үздік волонтерлік тәжірибелер мен табысты жобаларын таныстырады, – деді Аслан Қабегенов.

Форум аясындағы маңызды шаралардың бірі – «Мөлдір бұлақ» республикалық акциясы. Ертең еріктілер Балқаш көлінің жағажайына шығып, тазалық жұмыстарын жүргізеді.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button