Бас тақырыпРуханият

Халықаралық айтыс қарсаңында «Сәкен» кітабының тұсауы кесілді

Кеше Қарағандыдағы “Сарыжайлау” кинотеатрында халықаралық ақындар айтысы қазылар алқасының құрамы баспасөз мәслихатын өткізді. Жиында ақын Аманжол Әлтаевтың “Сәкен” кітабы таныстырылып, тұсауы кесілді. 

– Мен Сәкен ағаға арналған кітапты бұрыннан шығарғым келген. Осы ойым сәтімен орындалды. «Сәкен» кітабы Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен белгілі ақын және танымал қоғам қайраткерінің мерейтойына орай, Елордадағы “Кәусар” баспасынан 1000 дана таралыммен жарық көрді. Басылым үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде Сәкен Сейфуллин туралы мақалалар мен ғылыми материалдар топтастырылған. Екінші бөлімде қоғамға белгілі және жас авторлардың Сәкен туралы өлеңдері жинақталса, үшінші бөлімде Сәкен Сейфуллиннің шығармалары ұсынылған. Таралымның  бір бөлігі кітапханаларға түседі, – деді Аманжол Әлтаев.

Басқа материалдар

Back to top button