Жаңалықтар

Хабарландыру

    Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасы өңірдегі тауар өндірушілерді «Қазақстанның үздік тауары – 2017» аймақтық көрме-байқауына қатысуға шақырады.

Көрме-байқау үш номинация бойынша өтеді: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар», «Халыққа арналған үздік тауар», «Үздік азық-түлік тауары».

Биылғы конкурс әдеттегіден ертерек – маусымның 24-інде өтеді. Ал, жеңімпаз атанған 9 кәсіпорын Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін республикалық шараға жолдама алады.

Байқауды өткізудегі басты мақсат – жергілікті өнімдерді жарнамалау және отандық өндірушілерді қолдау.

«Қазақстанның үздік тауары – 2017» көрме-байқауы 2001 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы уақыт ішінде конкурсқа 5500-ден астам компания қатысты.

Байқауға Қазақстан аумағында тауар өндіріп шығаратын кез келген жеке кәсіпкер мен заңды тұлға қатыса алады. Тек, 50 пайыздан астам үлесі мемлекетке тиесілі, әскери техника шығаратын компания­лар, сонымен қатар, оңалту немесе банкрот жағдайындағы кәсіпорындарға қатысу құқығы қарастырылмаған.

«Қазақстанның үздік тауары – 2017» көрме-байқауына қатысу туралы өтініштер маусымның 20-на дейін t.yun@palata.kz электронды поштасына қабылданады. Анықтама телефоны: (7212) 503640.

Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button