Спорт

Головкиннің ең ауыр нокауттары

Youtube желісіндегі «neKARATE» арнасы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің «Бокстағы ең ауыр нокауттар» айдарымен қысқаша бейнежазбалар топтамасын әзірлеп, көпшілік назарына ұсынды.

Бейнежазбада Геннадий Головкинді (42-2-1, 37 КО) нокаут пайызы бойынша өзінің мансабындағы басты қарсыласы мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен (60-2-2, 39 КО) салыстырған. Бұл тұрғыдан GGG-нің даусыз артықшылығы бар. Альваресте – 65%, Генада – 88,1%. Бұл аңызға айналған жерлесіміздің әлемдік бокс тарихындағы мәртебесін аңғартып-ақ тұр.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button