Спорт

Гена жекпе-жекке дайын

    Жерлесіміз Геннадий ГОЛОВКИН Дэниэл ДЖЕЙКОБСПЕН болатын жекпе-жектің алдында бұқаралық ақпарат құралдары үшін ашық жаттығу өткізіп, дайындығын пысықтады.

«WBA», «WBC», «IBF», «IBO» нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Головкин АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында ашық жаттығудың алдында журналистермен жүздесті. «Бұл біз үшін үлкен әрі салмақты айқас. Дэниэл – нағыз чемпион. Біз дайынбыз», – деді Гена.

Талай мықтыны сұлатып салған Г.Головкинге жанкүйерлері үлкен сенім артып отыр. Қос былғары қолғап шеберлерінің арасындағы айқас 18 наурыз күні Нью-Йорктің «Madison Square Garden» сарайында өтеді деп күтілуде.

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button