Exit-poll: Референдумға қатысқандардың 71,8%-ы АЭС салуды қолдады
Еуразиялық интеграция институты мәліметі бойынша, қолдағандар 71,8%, қарсы болғандар 28,9% болды, деп хабарлайды ortalyq.kz BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Сауалнама 250 учаскені қамтыды, оның 159-ы қалаларда, 91-і ауылдарда.

30 мың адам арнайы дайындалған сұхбат берушілермен face-to-face әдісімен сұхбат алды. Зерттеу нәтижелерінің қателігі 1% – дан аспайды.
Тапсырыс бойынша зерттеу Zakon.kz Еуразиялық интеграция институтын өткізді.
Айта кетейік, «СОЦИС-А» «Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты – Астана» ЖҚ жүргізген алғашқ exit-poll нәтижелері бойынша сауалнамаға қатысқандардың 69,8%-ы Қазақстанда АЭС салуға дауыс берді.
Ал Қоғамдық саясат институтының мәліметінше, АЭС салуды референдумға қатысқандардың 72,3%-ы қолдады.
Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.