ЕСКЕРТУ! Қарағандылықтарға 2 тәулікке су қорын жинап қою керек

Маусым айының 12-13 күндерінде «Қарағанды Су» ЖШС жоспарлы дизинфекциялау шараларын жүргізеді. Осыған орай,  Қарағанды қаласы мен Ақтас кентінің тұрғындары екі тәулікке жететін су қорын жинап алулары тиіс.

Дизинфекция шаралары жүргізілген күндері құбырдан ағатын суды тамаққа қосуға немесе ауыз су есебінде тұтынуға болмайды. Бұл — тұрғындардың денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін.  

Ақтас кентінің тұтынушыларына 13 және 14 маусым күндеріне су қорын жинап қою қажет. 
 

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.