Ресми
Ертең Қарағандыда «Дабыл-Антитеррор-2024» оқу-жаттығуы өтеді
Ертең сағат 11.00-ден 14.00-ге дейін Қарағанды қаласының «Сары-Арқа» әуежайының жағдайында лаңкестік белгілерге шұғыл әрекет ету бойынша «Дабыл-Антитеррор-2024» оқу-жаттығу іс-шарасы өтеді. Оқу-жаттығу аясында Қарағанды қаласының әуежай аумағында автокөлік қозғалысына шектеу қойылады.
Оқу-жаттығу жиындарының өтуіне байланысты Қарағанды облысының терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы қала тұрғындарынан түсіністік танытуын сұрайды. Әрі тек ресми ақпарат көздеріне сеніп, ел арасында жалған ақпараттың таралуына жол бермеуге шақырады.
Қарағанды облысының терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы.