Ресми
Ертең Қарағандыда арнайы оқу-жаттығу жиыны өтеді
Ертең Қарағандыда «City Mall» сауда үйі мен Қарағанды циркі ғимараттарында лаңкестік белгілерге шұғыл әрекет ету бойынша оқу-жаттығу шарасы өтеді.
Соған байланысты Жауынгер-Интернационалистер және Комиссаров көшелерінің қиылысында «City Mall» сауда үйі мен Қарағанды циркі ғимараттарының аумағында көлік қозғалысына уақытша тиым салынады.
– Азаматтарды өткізілетін оқу-жаттығу іс-шараларына түсіністікпен қарауға, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және халық арасында жалған ақпараттың таралуына жол бермеуге шақырамыз, – деді облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабының мамандары.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz