Ресми

Ермек Алпысов Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Ермек Амантайұлы Алпысов облыс әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Сурет: облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Ол 2001 жылдан бері мемлекеттік қызметте. Алматы облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының жетекші, бас маманы, инспекторы, бөлім бастығы болды.

Алматы облысы Ақсу ауданы әкімінің орынбасары, Талдықорған әкімінің орынбасары, Талдықорған әкімі, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарды. 2019 жылдан 2021 жылға дейін ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары болды. Осы тағайындауға дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button