Covid-19Ресми

Эпидемиологиялық тұрақталып келеді

Елдің Денсаулық сақтау министрлігі екінші жартыжылдыққа дейінгі эпидемиологиялық ахуалға болжам жасады. Министр Алексей ЦОЙДЫҢ айтуынша, оптимистік және реалистік болжамға сәйкес, елде эпидемиологиялық ахуал қалыпты болмақ.

– Жаппай вакциналау, бетперде тағу және әлеуметтік қашықтықты сақтау эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, оқшаулану мен карантинді алмастыратын шаралар болып табылады, – деді А.Цой.

Жыл басында коронавирус инфекциясының белең алуына байланысты ведомстводағылар індеттің шарықтау шегі наурыздың соңына келеді деп болжаған еді. Бірақ, қазіргі статистикалық мәліметтер инфекция жұқтырғандардың азайып келе жатқандығын көрсетеді. Дегенмен, «карантинді жаппай алып тастауға әлі ерте» дейді бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов.

– Карантинді толығымен алып тастау үшін барлық облыстар «жасыл аймақта» болуы тиіс. Ауру жұқтыру деңгейі 100 мың халыққа шаққанда 25-тен аспаған жағдайда «жасыл аймаққа» өтуге болады. Болашақта сүйенетін бірден-бір критерий осы,– деген болатын Е.Қиясов.

Десе де, «сары» және «жасыл аймақтағы» облыстар үшін кешегі күннен бастап карантиндік шаралар жеңілдетілді. Оның ішінде «жасыл аймақта» тұрған Қарағанды облысы да бар. Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 28-ақпандағы қаулысына сәйкес шектеу шараларына жеңілдіктер енгізілді. Сонымен, 1-наурыздан бастап цирктердің, бильярд клубтарының, балалар ойын-сауық орталықтарының жұмысына рұқсат етілді. Бұл ретте толымдылық 30%-ға дейін болуы тиіс. Жұма намазы мен ас беру рәсімдерін өткізуге де толымдылық 30% -ға дейін сақталуы керек. 20%-ға дейін көрермені бар спорттық іс-шаралар өткізіле бе- реді. Қаулы бойынша жұмыстарын қайта бастайтын барлық нысандар- да әлеуметтік қашықтық, бетперде режимі, термометрия, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимі қатаң сақталуы қажет.

Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша 1-наурызда «қызыл аймақта» ешбір облыс жоқ. «Сары аймақта» Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай мен Павлодар облыстары тұр. Қалғандары – «жасыл аймақта». Кешегі мәлімет бойынша, 20 140 адам короновирус инфекция- сынан емделуде. Олардың ішінде 4 472 науқас – стационарда, 15 668 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Дәрігерлер 248 адамның жағдайын – ауыр, ал, 50 адамның жағдайын өте ауыр деп бағалауда. 44 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр. COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 28-ақпандағы мәліметі бойынша, Қазақстанда корнавирус жұқтырған 622 адам тіркелді. Бұл – алдындағы тәулікте (27 ақпан) анықталғандардан 169 жағдайға аз. Жалпы 213 431 адам ви- рус жұқтырған. Қарағанды облысында жаңадан 32 жағдай анықталды, облыс көлемінде коронавируспен ауырғандар – 15 433 адам.

COVID-19 белгілері бар пневмониямен ауырғандарға келетін болсақ, 27-ақпандағы мәлімет бойынша 10 жағдай тіркеліп, 214 адам жазылып шықты. 3 адам пневмониядан көз жұмды.

Жансая ОМАРБЕК

Басқа материалдар

Back to top button