Елу жыл елді есті әнімен тербеген…
19 желтоқсан күні сағат 18:30-да Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрында Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Роза Рымбаеваның шығармашылық кеші өтеді.

Елу жыл елді есті әндерімен тербеп, халықтың ыстық ықыласына бөленген әншінің концертіне ұлдары, эстрада жұлдыздары Әли Оқапов пен Мәди Рымбаев қатысады деп жоспарлануда.
Жарты ғасыр уақыт бойы өз тыңдармандарын әуезді әнге бөлеп, бірнеше ұрпақтың жүрегіне қуаныш пен махаббат, ел мен жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін сіңірген Роза Қуанышқызы аталмыш кеште өзінің репертуарындағы танымал әндермен қоса жаңа туындыларын көпшілікке ұсынбақ.
Билеттерді театр кассасы мен ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ