Жаңалықтар

Елімізде 6-8 сәуірде аяз болып, жаңбыр соңы қарға ұласады

«Қазгидромет» РМК 6-8 сәуір аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды. 

Метеоқызмет мәліметіне сүйенсек, атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты көрініс береді: 6-8 сәуірде оңтүстікте, 7-8 сәуірде оңтүстік-шығыста кейде қатты жаңбыр жауады.

– 7 сәуірде Скандинавия аудандарынан келетін солтүстік-батыс антициклонына байланысты еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде ауа температурасы күрт төмендейді. Сондай-ақ жаңбырдың арты қарға ұласуы мүмкін, – дейді синоптиктер.

Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік өңірлерде тұман, шаңды дауыл мен найзағай, солтүстікте, солтүстік-батыста көктайғақ болуы мүмкін.

Солтүстік пен солтүстік-батыста ауа температурасы түнде 2-12 градус аязға дейін, күндіз 5 градус аяздан 7 градус жылыға дейін төмендейді.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button