ЕЛГЕ ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІК

   Балқаш қаласының 80 жылдығына орай оқу орындары арасында өнер байқаулары өткізіліп, жеңімпаздар анықталуда. Жас жеткіншектер өздерінің сүйікті қалаларына деген махаббатын, жүрекжарды сүйіспеншілігін арнайды. Мәселен, өнер мектебіндегі фортепиано бөлімінде «Менің сүйік­ті қалам» атты байқау өткізілді. Жас орындаушылардың ше­берлігі көңіл қуантады. Ізденгіш өнерпаздар классикалық туындыларды орындап шығуға бетбұрыс жасады. Сондай-ақ, қазіргі заманғы және Қазақстан композиторларының шығармаларын орындап,өнерлерпін паш ете білді. Мұндайда сонымен қоса, әр өнерлі жастың жеке орындаушылық мүмкіндігі айқындалып, сарапқа салынады.

Елге, жерге деген құрмет осындай ізгіліктен басталады. Жалындаған жас жүректің Отанға деген іңкәрлігін бірден байқайсыз. Иә, заман сендердікі жас дос. Әніңді шыр­қа, білім бұлағымен сусында, ел болашағын көркейтетін болашақ тұғырыңды қазірден-ақ таңдап ал.

Балқаш қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.