Ел жастары – ерлік сабағында

  Жуырда «Шахтер» стадионы мен №52859 әскери бөлімі қорғаныс-бұқаралық және әскери-патриоттық жұмыс айлығы шеңберінде, ҚР Қарулы Күштерінің 25 жылдығына орай, Пришахтинсктегі балалар мен жасөспірімдер клубтарының шәкірттеріне арнап, «Еркін елдің ұланымыз» атты ерлік сабағын өткізді.

Айтулы шараның ашылу салтанатында әскери бөлімнің командирі Арлен Бүркітбай мен «Шахтер» стадионының директоры Вячеслав Мазитов жастарға ізгі тілектерін білдіріп, ерліктің ерен үлгісі һақында сыр шертті.

Ерлік сабағына қатысуға ниет білдірген 7 аула клубы мүшелерінің саны 40-тан астам адамды құрады. Шара барысында жастар әскери дайындық кезінде үздік көрсеткіштерге қол жеткізген сарбаздармен кездесіп, шәкірттері мен әскери қызметшілер арасында әскери-қолданбалы спорт түрлерінен жарыс өткізді. Жарыс қорытындысы бойынша 1 орынды – «Қуаныш», 2 орынды – «Туған жер», 3 орынды – «Луч» командалары иемденіп, жеңімпаз командалар грамота, диплом және кубокпен марапатталды.

Рауан ҚАБИДОЛДИН

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.