Жаңалықтар

Ел тірегі – балалар

    ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің Қарағанды облысы бойынша Департаменті қызметкерлері мен ардагерлері Осакаров ауданының Есіл ауылында орналасқан «Литвин» балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесті.

Қалыптасқан дәстүр бойынша, департамент басшылығы мен жеке құрамы көп жылдар бойы аталған мекемеге тәлімгерлік қамқорлық жасауда. Бұл жолы офицерлер өздерімен бірге Қарағанды музыкалық комедия театрының актерлері ерте келді. Театр артистері «Братец лис», достық және бірлік туралы қойылымдарын ұсынып, өнерлері жас көрермендердің көңілінен шықты. Артистердің кәсіби шеберлігі мен сахна әрлемелері, түрлі-түсті костюмдері балаларды ұмытылмас әсерге бөледі.

Өз ризашылықтарын білдіру мақсатында балалар қонақтарға арнап импровизациялық концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Әншілер ән шырқап, «Арман» би тобы өз өнерлерін ортаға салды.

Мекеме басшылығы офицерлердің жасаған қамқорлығы үшін ризашылығын білдірді. Себебі, балалар үйінде негізінен ата-аналары бар, бірақ, адамгершілікке жат өмір сүруіне байланысты ата-аналық құқықтарынан айрылған азаматтардың балалары тұрады. Сондықтан, ұлттық қауіпсіздік күзетінде тұрған мекеме өкілдерімен кездесу – олар үшін өте маңызды. Департамент қызметкерлерінің тәлімдері оларға ата-ана қателіктерін қайталамауға, өмірде дұрыс бағыт таңдауға жол сілтейді.

Ұлттық қауіпсіздік Комитеті Департаментінің қызметкерлері мен ардагерлері кездесу соңында балаларды тағы бір мәрте ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, өз Отанының лайықты азаматы болуларына тілектестік білдірді. Шара соңында балаларға тәтті сыйлықтар тарту етті.

Өз тілшімізден.

ОСАКАРОВ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button