Пікірлер

Ел пікірімен үндескен пайым

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласын оқи отырып, Елбасының отандастарымен бірге қазіргі таңда әлемді алаңдатып отырған мәселені ашық талқыға салып, халқымен ой бөліскенін жақсылыққа жорыдық. Бүгінгі күнде бүкіл әлем сынға түсіп отырғанда, Елбасы халқын сабырлыққа, байсалдылыққа шақырып, жұртының ақ тілеуін тілеп отыр.

Қазақстан жұртшылығын әбігерге салған пандемия елімізде экономикалық қиыншылықтар тудырғаны анық. Елбасы жылдар бойы жүйелі жүргізген реформалар нәтижесінде және халқымыздың төзімі, ерік-жігері және өзіне деген зор сенімінің арқасында басымызға түскен ауыртпашылықтан еңсемізді биік ұстап, қиындықтан шығамыз деп ойлаймын. Жұрт көңілі алаң кезде елді бірлікке шақырған Елбасының үндеуінен қуат алғанымыз анық.

Мақсат ОМАРБЕКОВ,

Қарқаралы мәдени-сауық орталығының директоры.

Басқа материалдар

Back to top button