«ЭКСПО – 2017» елшілерге шабыт сыйлады

   «ЭКСПО – 2017» Халықаралық көрмесі қарсаңында облысқа шетелдіктер табан тіреді. Атап айтсақ, Куба, Австрия, Индонезия, Иран, Ирак, Ресей елінен келген елшілер Қарағандының мәдени ошақтарын аралап, тарихи жерлерін тамашалады.

Мәмілегерлік миссияның өкілдері алдымен, туризм, мейрамхана және қонақ үй бизнесінің Орталық Қазақстан Қауымдастығы атынан Қарағанды облысына ақпараттық турға қатысуға шақырту алған кезде, саяси қуғын-сүргін құрбандарының мұражайын көруге тілек білдірген болатын. Сонымен қатар, олар ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбек жолы басталған зауытты, жұмыс істеген домна пешін көргісі келетіндігін айтқан. Оған қоса, шетелдіктер құм төбелерге, сирек кездесетін жануарларды бақылауға болатын табиғи қорықтарға, әулие жерлерге, жалпы ашық аспан астындағы мұражай атанған Сарыарқа даласына қызығушылық танытқан.

Сөйтіп, елшілердің сұранысына орай, алғашқы сапар Теміртаудағы «Арселор МитталТемиртау» металлургиялық комбинатынан басталды. Мәртебелі қонақтар алпауыт кәсіпорынның жоғары мүмкіндіктерін, жұмысын көріп қайтты. Зауыт жұмыскерлері елшілік өкілдеріне егжей-тегжейлі таныстыру жұмыстарын жүргізді.

Түстен кейін қонақтар Долинка кентіне аттанды. Көбісінің сұранысына орай, ҚарЛаг мұражайын аралады. Үлкен әсер алды. БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Индонезия елшісі Рахмат Прамоно мұражайдан алған әсерімен бөлісті.

Аяулым СОВЕТ

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.