Жаңалықтар

Экономиканың жаңа моделі

    Кеше «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Қарағанды облыстық филиалында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Арман ӘЛІМБАЕВ Қарағанды қаласының тұрғындарымен кездесті. Кездесуге Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы арқау болды.

Жаңа әлемдік шындық жаңа міндеттер қойды. Елде төртінші революция басталды. Қазақстан жаңа жаңғыру кезеңінде тұр. Осы қиын кезеңде экономикалық өсімнің жаңа моделін құру керек. Елбасының барлық бастамалары Жолдауда көрсетіліп, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының аясында жүзеге асырылады.

Елбасы Жолдауда Қазақстанның үшінші жаңғыруын іске асыруда басым бес нақты бағытты айқындап берді. Міндеттерді іске асыру үшін барлық алғышарттар мен мүмкіндіктер бар, – дейді А.Әлімбаев.

Жолдау арқылы толайым табыстарға қол жеткізетініміз сөзсіз. Медициналық сақтандыру енгізіледі, зейнетақы мен жәрдемақы көлемі артады. «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы жүзеге асырылады. Аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналады. Сандық технологиялар базалық салалардың орнын басады. Еңбек өнімділігін белсенді түрде арттырып, өндіріс шығындары төмендетіледі.

Экономикаға маңызды кешенді мақсат қойылды. Жол, тұрғын үй және басқа да инфрақұрылым құрылысына инвестиция сала отырып, қалалардың ұзақ жылдарға сыртқы және технологиялық келбеті айқындалады. Сонымен бірге, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлінеді. Бұның барлығы Жолдау аясында асырылатын іс-шаралар.

Сонымен қатар, кездесуде аймақ экологиясы да сырт қалған жоқ. А.Әлімбаевтың айтуынша, экологиялық ортаны жақсарту мақсатында Қарағанды облысының әкімдігіне министрліктің қоршаған орта сапасын жақсарту бойынша ұсынысы жасалған. Егер ұсыныс қолдау тапса, өнеркәсіптерден шығарылатын қалдықтардың облысқа және қала халқына тигізетін зияны нақты анықталатын болады.

Салтанат ИЛЬЯШОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button