Басты тақырып

Еңбек қауіпсіздігі – басты назарда

      Өндіріс – қашанда қауіпті аумақ. «Сақтансаң – сақтаймын» деген қағиданың бұл жерде орны бөлек. «Қазмарганец» кен басқармасына қарасты «Тур» кеніші мен Көлік колоннасы да барлық қажетті еңбек нормаларын қатаң сақтайды. Бұл жолға бағытталған орасан зор еңбектің нәтижесі де жоқ емес, кәсіпорын Қазхром компаниясы филиалдары ішінде (атап айтқанда Ақсу ферроқорытпа зауыты, Дөң тау­кен байыту комбинаты, Ақтөбе ферроқорытпа зауыты) жыл сайын өткізілетін еңбек қауіпсіздігі жарысында алдыңғы орында келеді.

«Қазмарганец» кен басқармасында жұмыс вахталық тәсілмен жүзеге асады. Өндіріс алаңдары Нұра ауданы аумағында орналасқан. Ашық тәсілмен марганец кенін өндіретін кәсіпорында еңбек қорғау мен өндірістік қауіпсіздік мәселесіне баса мән берілетіндігі түсінікті. Себебі, компания үшін адам өмірі, оның қауіпсіздігі алдыңғы орында. Өндірістік қауіпсіздік пен еңбек қауіпсіздігі бойынша техникалық басшысының орынбасары Р.Нығметовтың айтуынша, мекемедегі қауіпсіздік іс-шаралары компанияның арнаулы нұсқаулығы мен еліміздің заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Атап айтқанда, өндірістік жарақат пен басқарма нысандарындағы төтенше жағдайлардың алдын алу, ескерту, ұйымдастыру-техникалық жұмыстары барынша межелі мерзімде қолға алынып келеді.

Кен басқарма бөлімшелерінің бірі – «Тур» кеніші мен Көлік колоннасында жұмыскерлер вахталық тәсілмен, 15 күн жұмыс жасайды. Жұмыскерлер тарапынан еңбек қауіпсіздігінің қатаң сақталуы, қауіп-қатерді болдырмау, тиімді еңбек етуге бағытталған жұмыс­тар мықтап қолға алынған. Кәсіпорын жұмыскерлерінің өзі қатерді болдырмауға, оның алдын алуға үлес қосады.

Өндіріс болғандықтан аяқ астынан түрлі жағдайлар болмай тұрмайды. Жұмыс барысында адам тек өзінің ғана емес, әріптесінің де қауіпсіздігіне жауапты, себебі кез келген ағат іс-қимыл, тәртіп пен ережеге немқұрайлы қарау, жауапсыздықтың соңы қайғылы жағдаймен аяқталуы әбден мүмкін. Күн сайын жүрігізілетін түсіндірме жұмыстары, оқыту, түрлі іс-шара мен байқаулар ұйымдастыру, ұжымды қауіпсіздік іс-шараларымен дер кезінде құлағдар етіп отыру «Қазмарганец» кен басқармасы кеніштеріндегі әдеттегі жұмыс.

Салтанат ИЛЬЯШОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button