Жаңалықтар

Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде Студенттер үйінің құрылысы басталды

Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде тоғыз қабатты 500 орындық Студенттер үйінің құрылысы басталды. Жоспар бойынша жаңа жатақханада толық жиһаздалған екі және үш орынды бөлмелер болады. Барлығы 202 бөлме. Мүмкіндігі шектеулі студенттер үшін бір орынды бөлме де бар. Нысан 2024 жылы пайдалануға беріледі.

Жаңа студенттер үйінің жобасы басқаларынан өзгеше. Әр қабатта санитарлық блок болса, әр бөлмеге жеке душ орнатылады. Оқу және ас бөлмесі болады. Бөлмелердің барлығы қажетті жиһазбен, тұрмыстық техникамен жабдықталады.

Бірінші қабатта медициналық пункт пен буфет ашылады деп жоспарланған. Ғимараттың жертөлесі де студенттерге беріледі. Ол жерде бос уақытын өткізіп, түрлі ойындар мен кездесулер өткізе алады.

Студенттер үйінің жанынан футбол және баскетбол алаңы, теннис корты салынады.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button