Руханият

Дидардың дүбірлі жеңісі

Қарадан шығып, хан атанған Сұлтан Бейбарыстың туғанына – 800 жыл толуына орай, Атырау қаласында «Ерлігі ерен ер бабам» тақырыбында халықаралық  ақындар айтысы өтті. Оған аузымен құс тістеген небір дүлдүлдер қатысып, жыр қазанын қайнатты.

 

Аймақтың айтулы перзенті, «Айтыс­тың ақтаңгері» атанған ақын, термеші, жыршы-жырау Дидар Қами оза шауып, шашасына шаң жұқтырмады. Алдына қара салмай, дүбірлі айтыстың Бас жүлдесін жеңіп алды.

Дидар – болмысы бөлек, терең ақын. Оның батырлар жырын таңды-таңға ұрып, жатқа айтатынын ел біледі. Ұлағатты ұстаз, тәрбиелеген шәкірттері де талай аламанның көрігін қыздырып жүр. Салмақты сөзі мен түйдек-түйдек суырып салып айтуы ел көңілінен шығып, бәйгенің алдынан көрінгені – кеншілер өлкесінің ортақ абыройы.

Арқаға жеңіспен оралған Дидар ақын арнайы ұйымдастырылған баспасөз мәслихатына келіп, журналистердің сұрағына жауап берді. Шығармашылық сырларымен бөлісті.

Жанқұтты бидің сарқытындай болған Дидар ақынды жеңісімен құттықтап, алар асуының көп болуын тілейміз!

Жәлел ШАЛҚАР,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button