Руханият

Денсаулыққа апарар жол

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев елімізде спорттың дамуына әрдайым баса көңіл бөліп келеді. Елбасымыз өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңыздылығы жөнінде нақтырақ айтты.

Қаламыздағы № 56 негізгі орта мектебінде оқушыларды салауатты өмір салты мен спортқа тарту үшін айтарлықтай жұмыстар атқарылуда. Осы оқу жылынан бастап жас маман Алмас Мүслимовтің бастамасымен регби спорт түрі бойынша секциясы өз жұмысын бастады.

Регби деген жаңа спорт түрі біздің аймағымызға енді келді, сондықтан да, оқушылар, оған қоса ата-аналар да үлкен қызығушылық танытуда. Денсаулық фестивалін және ашық жаттығулар өткізу үшін бұл спорт түрі бұрынырақта қолға алынған Пришахтинск мен Шахтинскіден тәжірибелі командаларды шақыртылды. Ол команданың ойыншылары мен жаттықтырушылары біздің жас регбишілерімізбен бөлісті.

Осы спорт түріне қызығушылық танытқан, біздің мектептің 4-5 сынып оқушылары Астанада жыл сайын өтетін дәстүрлі Ашық Есіл Кубогіне қатысуға шақырту алған болатын. Аталмыш сайыста регбиден республикалық федерацияның президенті М.Уанбаев пен турнирдің негізін қалаушы, ұлыбританиялық команданың өкілі Г.Стэмп сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Сайыс нәтижесінде біздің командамыз үшінші жүлделі орын алды. Осы ойын бойынша тағы басқа сайыстарға қатысу жоспарда бар.

Н.ЖУБЕКОВ,

56 негізгі орта мектебінің

мұғалімі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button