Сайлау – 2021Шет
Дауыс беру қалыпты
Ақтоғай ауданы, Қусақ ауылдық округінде әкім сайлауы таңғы 7.00-де басталып кетті. 485-ші сайлау учаскесінде карантин талаптары қатаң сақталған. Комисия мүшелері арнайы қорғаныш киім киіп, бетперде тағынған. Ауыл тұрғындары ара-қашықты сақтай отырып, дауыс беруде.
Елдің сайлауға қатысуға деген белсенділігі жоғары. Қусақ ауылы әкімдігіне үміткер болып үш кандидат Д. Мұқатай, А. Әлібаев, Д. Омаров түсті. Округ бойынша 252 сайлаушы дауыс береді. Қазіргі таңда ауыл тұрғындарының 50 пайызы дауыс беріп отыр.
Бірінші болып дауыс берген ауыл тұрғыны Назым Қозыбай сайлау комисиясының арнайы әзірлеген сыйлығын алды.
Мүсіркеп СЕЙДАХМЕТ.