Жаңалықтар

«Даму» – дамуға кепіл

    Қарағанды облысында кепілдік негізде 148 жоба 2,9 млрд. теңге қаржылай қолдауға ие болған. Берілген несие көлемі 6,1 млрд. теңгені құрап, субсидия аясында 711 жоба мақұлданған. Бүгінде қолдау тапқан жобалар құны 103 млрд. теңгеге жеткен. Бұл жөнінде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қарағанды облысы бойынша аймақтық филиалының директоры Гүлнар ХАСЕНОВА, «Іңкәр» ЖШС бас директоры Қуандық НҰРПЕЙІСОВ, «MAX-PROF» ЖШС директоры Жанар ШЕКТІБАЕВА аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасына қатысудың шарттары, оның ішінде ісін жаңадан бастаушы жас кәсіпкерлерге банк несиесі бойынша «Даму» Қорының кепілдемесін беру және несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау шарттары айтылды. Қарағанды облысында шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында бірқатар жұмыстардың жолға қойылғандығын тілге тиек етті. Басым бағыты бизнеске қолдау таныту екендігін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қарағанды облысы бойынша аймақтық филиалының директоры Гүлнар Хасенова атап өтті.

Бұған дейін екінші деңгейлі банктер арқылы өзге де маңызды бағдарламаларды іске асырған Қор болашақта да кәсіпкерлерге қолдау танытатын болады. Атап айтқанда, Еуропалық қайта құру және даму банкі мен Азия даму банкінің, ҚР Ұлттық Қорының, жергілікті атқарушы биліктің несие желілері бойынша іске асырылады. Осы қайнар көздер есебінен әйелдер кәсіпкерлігін қолдау бағдарламалары, қайта өңдеу өндірісі, өңірлердегі жобалар қаржылық қолдау тапқан.

– 2002 жылдың 11 сәуірінен жұмысын бастаған ««DAMU» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ-ның облысымыздағы филиалы өңірдегі кәсіпкерлерге тірек болып келеді. «Даму» Қоры кәсіпкерлердің несие бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялаудың және банктердің алдында кәсіпкерлердің несиелерін кепілдендірудің қаржылық агенті болып табылады. Қордың негізгі бағыттарының бірі старттық бизнес ашуға қолдау көрсету. Өз ісін енді бастап жатқан бизнес иелерінің несиесіне қор 85%-ға дейін кепілдік береді. Жалпы айтқанда «Даму» – дамуға кепіл. «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасының аясында оқыту және кеңес беру бағдарламаларының операторы қызметін атқарады. Қор қызметі бойынша 87212/ 40-09-69 телефонына немесе, karaganda@fund.kz. электронды поштасы арқылы хабарласа аласыздар» – деді Гүлнар Алтынсарықызы.

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button