Спорт

Дайындыққа кірісті

    Геннадий ГОЛОВКИН кезекті жекпе-жек алдындағы жаттығу шараларына кірісіп кетті. Белгілі болғандай, 18 наурыз күні жерлесіміз Нью-Йорк қаласында америкалық Дэниел ДЖЕЙКОБСПЕН қолғап түйістіреді.

    Отыз жасар Джейкобс бұған дейін WBA тұжырымының орта салмақтағы чемпионы, NBAF тұжырымы бойынша Солтүстік Америка чемпионы атақтарын иеленген. Джейкобстың мәлімдеуінше, Головкинді жеңу ол үшін қиындық тудырмайды екен. Тіпті, жеңіске жету жоспарын да сызып қойыпты.

    Дегенмен, 36 кездесу өткізіп, барлығында қарсыластарынан айласын асырған қарағандылық былғары қолғап шеберінің жеңісіне жанкүйерлердің сенімі мол. Алдағы жекпе-жекте Гена WBA тұжырымы бойынша суперчемпион атағын 17-ші мәрте, IBO тұжырымы бойынша чемпиондығын 15-ші мәрте, WBC тұжырымы бойынша чемпиондығын 2-ші мәрте, IBF тұжырымы бойынша чемпиондығын 3-ші мәрте қорғайды.

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button