Бас тақырыпЖаңалықтар

Дәурен Абаев қарағандылық газеттерді марапаттады

ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев меретойларын атап өткен өңірлік БАҚ-рын марапаттады, деп хабарлайды «Қазақпарат» ХАА. Марапатталған басылымдар арасында Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының  «Жаңаарқа», Ақтоғай ауданының “Тоқырауын тынысы” және Жезқазған өңірінің «Сарыарқа» газеттері де бар.


Биыл «Жаңаарқа» және “Тоқырауын тынысы” газеттеріне 80 жыл,  ал «Сарыарқа» газетіне 45 жыл толды.

Сонымен қатар Дәурен Абаев Шығыс Қазақстан облыстық «Рудный Алтай» газетінің – 100, «Атырау» газетінің – 95, Ақмола облыстық «Есіл Нұра» және «Вести Акмола» газетінің – 90, Қызылорда облыстық «Жаңақорған тынысы» газетінің – 85, Алматы облыстық «Заман жаршысы» газетінің – 85, Павлодар облыстық «Ақ жол – Новый путь» газеті мен Халық радиосының – 80, «Вечерний Алматы» газетінің – 50, «Маңғыстау» газетінің – 45, «Алматы ақшамы» газетінің – 30, Батыс Қазақстан облыстық «ТДК 42» телеарнасының – 20, Қостанай облыстық «Алау ТВ» телеарнасының 20 жылдық мерейтойларымен құтықтады.

Министр БАҚ жетекшілеріне алғыс хаттар табыс етті.

Марапаттау рәсімі Аstana Media Weeк аясында өткен өңірлік БАҚ-тар форумда өтті.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button