Бас тақырыпЖаңалықтар

Дәстүрлі Жолдау – ел болашағының стратегиялық негізі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халқымызға арнаған дәстүрлі Жолдауы, еліміздің дамуының негізі болатын 9 стратегиялық бағытты нақтылап, айқындағаны аян.
Президент Жолдаудың өзектілігіне тоқтала отырып, «Қазақстан халқы қазір мүлде жаңа саяси жағдайда өмір сүріп жатыр. Соңғы 5 жылда ауқымды реформалар жасалды. Еліміздің саяси жүйесі өзгерді», деп жүйелі пікір білдірді. Олай болса, саяси реформалар еліміздің эволюциялық тұрғыдан дамуымыздың қайнар көзі екендігі хақ.

Сурет: gov.kz

«Ұстаздар – ұлттың зияткерлік қуаты. Олар білімді ұрпақ тәрбиелеу арқылы еліміздің өркендеуіне жол ашады», деп білім мен ғылымның дамуының өзекті мәселелеріне тоқталды. Ал, халқымызды толғандыратын ең маңыздысы, бұл әлеуметтік хал-ахуал. Дәстүрлі Жолдауда бұл өзекті мәселеге ерекше мән берілді.
Мемлекет басшысы «Біз қиындықтарға мойымай, барлық мәселені біртіндеп, байыппен шешуіміз керек. Мұның бәрі халықтың тұрмыс-тіршілігіне ғана емес, қазіргі бұлыңғыр замандағы еліміздің тағдырына да әсер етеді», деп еліміздің береке-бірлігіне басты назар аударды.
Еліміздің бірлігін сақтау ата-бабадан қалған өсиет, ұрпақтан ұрпаққа жеткен аманат.
Егемен, тәуелсіз елімізде Заң мен тәртіп үстемдік құрса және ол негізіміз болса, Әділетті, Таза, Қауіпсіз Қазақстан құру жолы тұрса, баршамыздың алдымызда өте жауапты, зор жауапкершіліктердің тұрғандығына назар аударғым келеді.
Ынтымақтастығымыз, бірлігіміз нығая берсін, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

Салават КЕНТБЕК,

Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің доценті,

Қарағанды қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button