Теміртау

Дәстүрлі дода

     Теміртау қаласы «Арселор Миттал» спорт кешенінде Ұлттық Қауіпсіздік комитеті органдарының қызметкері, полковник Жақан Медеубаевты еске алу құрметіне орай, волейболдан XXI халықаралық турнир өткізілді.

Осындай турнирді ҚР ҰҚК Қа­ра­­ғанды облысы бойынша де­пар­тамен­ті жергілікті атқару органдарымен бірігіп, 1996 жылдан бері өт­кізіп келеді.

Осыдан 21 жыл бұрын турнирге 8 команда жиналса, турнир 2001 жылдан бері халықаралық мәртебеге ие болды.

Жақан Мұқатайұлы – Қарағанды облысы, Шет ауданының Ақсу-Аюлы ауылында 1941 жылы 11 шілдеде дүниеге келген. Қарағанды политехникалық институтын аяқтап, КСРО Ұлттық Қауіпсіздік комитеті органдарына шақырылғанға дейін геология саласында қызмет еткен. Қызмет ет­кен жылдары Жақан Мұқатайұлы салауатты өмір салтын кеңінен насихаттап, аймақта волейболдың да­муына үлкен үлес қосқан. Оның же­текшілігімен ҚСРО МҚК жоғары курстарының волейбол командасы Минскіде, кейіннен Қазақ КСР Ардагерлер құрама командасы көптеген сайыстарда жүлделі орындарға ие болған.

ҚР ҰҚК ардагері Жақан Мұқатайұлының досы Машан Юсупов тур­нирдің өткізілуіне қолдау көрсетіп жүр. Турнирді ұйымдастыруға Жақан Мұқатайұлының жақын туыстары, қызметтегі әріптестері және облысымыздың спортшы қауымы да белсенді ат салысады.

Чемпионаттарға әлеуетті құры­лым ардагерлері мен қызметкерлері, республикамыздың және жа­қын шетелдердің жетекші спортшылары қатысады.

Сайыс мақсаты – Ұлттық қауіп­сіздік комитеті органдарының өмірден озған қызметкерлерін еске алу, ұрпақтар сабақтастығын қолдау және Қазақстанда волейболды көпшілікке насихаттау.

Биылғы турнирге Новосибирск, Бішкек, Ақтау қалалары командалары, Қарағанды облысы ІІД командалары, сонымен қатар, «Қарағанды-Жарық» ЖШС, «КазТрансОйл» АҚ, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ және Астананың ҰҚК мен Гвардия қыз­меткерлерінің командалары қатысты.

Турнирдің Ұлттық Қауіпсіздік ко­митеті органдарының 25 жылдық мерейтойы қарсаңында өткізілуі ша­раға ерекше мәртебе берді.

ҰҚК Қарағанды облысы бойынша департаментінің бастығы, гене­рал-майор Кендебай Адамбеков қа­­тысушыларды құттықтап, шараны аш­ты. Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов сайыс қатысушыларына сәт­тілік тіледі. Жақан Мұқатайұлының жұбайы – Мара Медеубаева турнир ұйымдастырушыларына алғысын білдірді.

Ойын төрешілігін Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, жоғары санатты ұлттық төреші Қуаныш Тыныбаев қамтамасыз етті.

Ардагерлердің арасында 1 ор­ынға – Новосибирск командасы, 2 орынға – «АрселорМиттал Теміртау» АҚ командасы, ал 3 орынға Бішкектен келген команда ие болды.

Жастар командаларының арасында 1 орынды – «АрселорМиттал Теміртау» АҚ спортшылары, 2 ор­ынды – «КазТрансОйл» АҚ, 3 орынды «Гвардия-Астана» командасы жеңіп алды.

Чемпионат жүлдегерлеріне кубоктар, медальдар, марапаттау қа­ғаз­дары мен бағалы сыйлықтар та­бысталды.

ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button