Жаңалықтар

Дәстүрлі ақпарат құралдарымен қатар, әлеуметтік желіге баса мән беру қажет – Президент

Ұлттық құрылтай елеулі азаматтық қоғам институттарының біріне айналуы тиіс. Бұл туралы Ұлытау облысында өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір – интернет дәуірі. Жастар өзіне қажет мәліметті ғаламтордан алады. Дәстүрлі ақпарат құралдарымен қатар, әлеуметтік желіге баса мән беру қажет. Жаңғырудың маңызын ұрпақ санасына сіңіру үшін жаңа тәсілдерді қолдану керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Осы орайда Президент түсіндіру жұмысы кезінде жастарға айрықша назар аудару керек екенін қадап айтты. «Өйткені, бүгінгі реформалардың игілігін ертең солар көреді. Біз не істесек те, бәрін ұрпақ үшін істеп жатырмыз. Әрине, қоғамның басқа өкілдері де тыс қалмауы тиіс. Жаңа қоғам құру, жаңа сананы қалыптастыру ісіне бүкіл елді ұйыстыру қажет. Осылайша, құрылтай реформаларды жүзеге асыруға жан-жақты атсалысады. Түптеп келгенде, Ұлттық құрылтай елеулі азаматтық қоғам институттарының біріне айналуы тиіс», – деді Мемлекет басшысы.

Басқа материалдар

Back to top button