Руханият

Дәстүр жалғастығы

Рухани жаңғыру аясында және Наурыз мерекесін тойлауға орай, №23 орта мектепте «Жаса, Наурыз дәстүрлі» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Мектеп оқушылары Наурыз мерекесі жайлы білгендерін, түйгендерін одан әрі толықтырып, қазақы салт-дәстүрлер дәріптелді, қазақ ауыз әдебиетінің мұралары таныстырылды. Сондай-ақ, бабалар рухына тағзым ету, рухани құндылықтарды сақтау сияқты ізгі қасиеттерді сіңіруге де ерекше мән берілді.

«Қыдыр ата даланы кезе жүріп, назары Жерге түссе, оның тон кеудесін жібітеді, ал тасқа түссе, тасты ерітіп жібереді» деген сөздің мағынасын түсіндіретін, сахналық көрініс ұсынылды. Сондай-ақ, Қыдыр атаның батасын аламын деген оқушылар Наурызға қатысты түрлі сұрақтарға жауап беріп, білімпаздары атаның ерекше ықыласына бөленді.

«Наурыз-айтысқа» қатысқан оқушылар да ерекше қошеметке бөленді.

Мереке барысында «Балаға ат қою», «Тұсау кесу», «Бесікке салу» сияқты қазақтың салт-дәстүрлері де көрсетілді. Ұлттық ойындар да назардан тыс қалған жоқ.

Мерекелік кеш соңы оқушылардың «Қара жорға» биімен түйінделді.

Ә.ҚҰРМАНҚҰЛОВА,

23 орта мектептің

бастауыш сынып мұғалімі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button