Ресми
Дәрігерлердің орташа жалақысы 421 мың теңгеге жетті
2022 жылы дәрігерлердің жалақысы 421 мың теңгені құрады. Ал орта медициналық қызметкерлердің жалақысы 235 мың теңгеге дейін өсті. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты.
“2022 жылы медицина қызметкерлерінің жалақысы 421 мың теңгені, ал орта медициналық қызметкерлердің жалақысы 235 мың теңгені құрады”, – деп хабарлады денсаулық сақтау министрі.
Бұған дейін, наурыз айында Ажар Ғиният Қазақстанда 2023 жылға қарай дәрігерлердің орташа жалақысы 550 мың теңгені құрап, елдегі орташа жалақыдан 2,5 есе артық болатынын хабарлаған болатын. Бұл бағыттағы жұмыстар “Дені сау ұлт” ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылып жатыр.
Өз тілшімізден.