Дүйсенбіден шектеу енгізіледі
Қарағанды облысының эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес «қызыл» аймаққа өтуіне байланысты 17 қаңтар 00:00 сағаттан бастап өңір аумағында бірқатар шектеулер енгізіледі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстың бас санитариялық дәрігері Юрий ЗАЛЫГИН мәлімдеді. Спикердің айтуынша, облыста эпидемиологиялық ахуал көңіл көншітпейді.
– 13 қаңтарындағы жағдай бойынша облыста коронавирус жұқтырудың 111 775 жағдайы тіркелді. Өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 820 адам анықталды. Облыс бойынша репродуктивті сан 3,932-ні құрайды. 100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттанушылық көрсеткіші – 7844,6. Оның ішінде, ауру белгілері бар науқастар – 80,6%, симптомсыз вирус тасымалдаушылар – 19,4%, – деді Ю.Залыгин. Айтуынша, Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Саран, Шахтинск қалаларында және Абай ауданында сырқаттанушылық деңгейі облыстағы орташа көрсеткіштен асып кеткен. Юрий Залыгин облыс аумағында «омикрон» анықталмағанымен, оның Қарағанды өңіріне әкелінуі мен айналымы жоққа шығарылмайтынын жеткізді. Сондықтан, қалыптасқан жағдайды ескере отырып, бірқатар шектеулер енгізілетін болды. Атап айтқанда, «Ashyq» қосымшасына қатысатын объектілерде 30 адамға дейін еске алуды өткізуді қоспағанда, отбасылық, еске алу іс-шараларын (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, туған күндер, шығарып салу, “құдалық”, той, “беташар” және басқалар) қоса алғанда, ашық ауада да, оның ішінде, үйде бұқаралық іс-шара лар өткізуге тыйым салынады. «Ashyq» жобасына қатысқанына қарамастан концерт залдары, филармониялар, театрлар, цирк қызметіне, діни бірлестіктер объектілерінде ұжымдық іс-шаралар (жұма намазы, діни жоралар және т. б.) өткізуге, конференция, семинар, көрмелер мен форумдар өткізуге, түнгі клубтардың қызметіне, караокеде ән айту және би бойынша қызметтер ұсынуға тыйым салынады. Тек қоғамдық тамақтану бойынша қызметтер үшін 50%-дан асырмай, бірақ 50 адамнан артық емес болуы тиіс.
Қоғамдық тамақтану объектілерінде бір үстелге келушілер саны 4 адамға дейін қысқарады. Бұл ретте адамдар арасындағы қашықтық кемінде 1,5 метр болуы тиіс, толтырылу деңгейі 50%-ға дейін, бірақ 50 адамнан аспауы тиіс.
Тіршілікті қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық объектілерін қоспағанда, мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), ұлттық компаниялардың, кәсіпорындардың әкімшілік персоналының кемінде 70%- ы COVID-19-ға қарсы вакцинациялауды жүргізуге қарамастан қашықтан жұмыс нысанына ауыстырылады.
Өңірдегі барлық ауылдық мектептерде және қалалар мен аудан орталықтарындағы 600 оқушыға дейінгі мектептерде штаттық форматта оқыту жүргізіледі. Штаттық форматта оқитын 1-2-сыныптарды қоспағанда, 600 және одан да көп оқушысы бар қала мектептері мен аудан орталықтары мектептерінде қашықтан оқыту форматына және 3-тен 5-сыныпқа кезекші сыныптар түрінде оқытуға көшіріледі. Жоғары оқу орындары мен колледждерде аралас форматта оқу, яғни, барлық дәрістерді икемді кесте бойынша онлайн өткізіледі. Вакцина алған оқушылар мен студенттерді оқу орны әкімшілігінің қалауы бойынша штаттық режимде оқытуға рұқсат етіледі.
Сонымен қатар, «Ashyq» жобасына қатысатын сауда-ойын-сауық орталықтарына, сауда үйлеріне, сауда алаңы 100 ш.м. асатын сауда желілері (азық-түлік емес), сауда алаңы 6000 ш.м. асатын сауда желілеріне (азық-түлік), сондай-ақ, спорттық-сауықтыру орталықтары, фитнес-орталықтар, йога-орталықтар, моншалар, сауналар, бассейндерге «жасыл» мәртебесі бар адамдар ғана кіре алатын болады.
Жансая ОМАРБЕК.