Коронавирус

COVID-19 вакциналары мен емдеу әдістерін тестілеу аясында коронавирус штамдарын өз еркімен жұқтыра алады

Дені сау, жас адамдар COVID-19 вакциналары мен емдеу әдістерін тестілеу аясында коронавирус штамдарын өз еркімен жұқтыра алады. Алғашқы осындай сынақтар Ұлыбританияда мақұлданды.


Алдағы аптада басталатын бағдарламаға 18-30 жас аралығындағы 90 адам қатыспақ. Олар вирусты бақыланатын және қауіпсіз ортада жұқтырады, дәрігерлер олардың денсаулығын үнемі қадағалап отырады.

Ресейлік ғалымдардың зерттеулері көрсеткендей, коронавируспен ауыратындардың ең азы I қан тобы бар адамдар көрінеді, ал көбінесе індетті II және IV қан тобы бар адамдар жұқтырады екен.

Германия 2021 жылы COVAX механизміне 1,5 миллиард еуро бөлмекші. Бұл туралы Германияның Сыртқы істер министрі Хайко Маастың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында мәлімдеді.

Маас, Германия дамыған елдерде коронавирусты емдеу монополиясын алдын алуға және вакциналардың таралуына кепілдік беретін ACT Accelerator жобасының іске қосылғанынан бері 600 миллион еуро бөлінгенін атап өтті.

Басқа материалдар

Back to top button