Болашаққа батыл қадам
Қарағанды облыстық Қазақстан коммунистік Халық партиясының өкілдері Мемлекет басшысының тұрақты дамуға бағытталған Жолдауын бірауыздан қолдайтындығын білдірді.
Жиында Жолдауда көрсетілген төртінші басымдық – адами капитал сапасын жақсарту жайында сөз болды. Медициналық сақтандыру жүйесін енгізу, оған халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының қатысуына мемлекеттік қолдау көрсету секілді басым бағыттар аталып, әлеуметтік қамтамасыз ету саласына айрықша көңіл бөлу жағы баса айтылды. Жиынға қатысқандар табысты жолға, мақсатқа қарай табандылықпен ұмтылудың алғышарттарын жоспарлады.
Қарағанды облыстық Қазақстан коммунистік Халық партиясының бірінші хатшысы А. Зевахин: «Құжатта Президент мемлекеттік қызметтің барлық саласын қамти отырып, келешек ұрпақтың мүддесін қорғау мақсатындағы нақты міндеттерді ұсынды.
Осы мақсатта атқарылып жатқан шаралар мен ұсыныстар Қазақстанның қазіргі заманғы танденцияларын дамыту, сондай-ақ, жаһандық бәсекеге қабілеттілікті арттыруға сай келеді. Елбасы атап өткендей болашағы жарқын ел қашанда алдағы қауіп-қатерлерге қарсы батыл қадам жасай алады. Еліміздің дамыған 30 елдің қатарынан көрінуі жолында әр салада бар күш-жігерімізді жұмсауға дайынбыз», – деді.
Аяулым СОВЕТ