Басты тақырып

Біз – Ұлы Қазақстанбыз!

«Қазақстан – ғарыш­қа ғарышкерлер ұшырып отырған әлемдегі санаулы елдердің бірі. Әлемде 200 мемлекет болса, тек солардың ара­сында осындай мүмкін­дікке қол жеткізген ел саусақпен санарлық. Ел­басымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдегі беделі бізге осындай мүмкіндік береді».

Тоқтар ӘУБӘКІРОВ.

Біз – Ұлы Қазақстанбыз! Ұлы Дала еліміз!

Ұланғайыр атырабымыз, Ақбоз үйіміз – Астанамыз бар!

Еңсесі биік еліміз, көреген Көшбасшымыз – Елбасымыз бар!

Қазақтан қайсар да, жайсаң да шыққан. Қасиетті топырақтан нәр алып!

Осы көштегі Тоқаң – Тоқтар Әубәкіровтің шоқтығы биік!

Ол – Қыран! Қарқаралыда туып, жеті қат Көкке қанат сермеді!

Ол – Қараорман қазаққа ортақ! Тіпті, иісі түркі әлемінен шыққан Тұңғыш ғарышкер!

Тоқтар ағамыз өткен жылы Қарағандыдағы №77 мектеп-балабақша кешеніне арнайы келіп, кадет сыныбының шәкірттерімен кездесті. Бұл сынып Тоқтар Оңғарбайұлының есімімен аталады. Жас ұландар Батырдың алдында ант қабылдады. Оқу-жаттығу жұмыстарынан көрініс көрсетті.

Халық қаһарманы әр баланың қолын алды. Өзінің өмір жолы туралы ой бөлісті.

Оқушылардың сол сәттегі әсерін, ішкі толқынысын көзіміз көрді. Тым ерекше!

Әсіресе, әдебиет пәнінен сабақ беретін мұғалімдердің шамына тисе де жаздым. «Тәуелсіз Қазақстан» деген тіркес кейбіреуінің жаттанды сөзіне айналған. Ұлы Қазақстан десе, аузынан ат теппейді-ау!

Тіпті, балабақшадағы баланың санасына Ұлы ел екендігімізді сіңіруіміз қажет-ақ!

Кім білсін, қарадомалақтардың арасында болашақ ұшқыш-ғарышкерлер бар шығар. Бар деп сенейік, тілеуін тілейік!

Иә, ертең – Халықаралық авиация және ғарышкерлер күні. Ұлы Қазақ елінің жанына жақын мереке!

Арыстай үш азаматымыз ғарышты бағындырды!

Тоқтар Әубәкіров! Талғат Мұсабаев! Айдын Айымбетов!

Айтпақшы, Жер шарының тұңғыш космонавты Ю.Гагарин де қазақ даласынан ұшқан.

Біз – Ұлымыз!

Ғарыш саласы бойынша да Әлемдегі менмін деген державалардың өкшесін бастық!

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button