Ресми

Биыл Жаңаөзенде жаңа газ өңдеу зауытының құрылысы басталады

Шымкент мұнай өңдеу зауытының өндірістік қуатын жылына 6 млн-нан 12 млн тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр. Бұл туралы елдің әлеуметтік-экономикалық мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте Үкімет басшысы Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Әлихан Смайылов көмірсутек шикізатының ресурстық базасын және оны әрі қарай өңдеу үшін өндірістік қуаттарды ұлғайту бойынша шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.

– Ішкі нарықта жанар-жағармай тапшылығын жою үшін Шымкент мұнай өңдеу зауытының өндірістік қуатын жылына 6 млн-нан 12 млн тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр. Зауытты шикізатпен қамтамасыз ету үшін Атырау – Кеңқияқ және Кеңқияқ – Құмкөл мұнай құбырларын кеңейту жобаларын жүзеге асыру жоспарланды, — деді Премьер-Министр.

Оның айтуынша, биыл Жаңаөзен қаласында жалпы қуаты 900 млн текше метр болатын жаңа газ өңдеу зауытының құрылысы басталады. Жалпы, газ саласында жылына қосымша 4 млрд текше метрге дейін газ алуға мүмкіндік беретін заңнамалық нормалар қабылданды.

Cондай-ақ Үкімет басшысы мұнай-химия саласында қуаты жылына 319 мың тонна бутадиен және басқа ілеспе тауарларды өндіруге мүмкіндік беретін жоба іске асырылып жатқанын еске салды. Бұл ретте қазіргі таңда қуаты жылына 1,2 млн тонна болатын полиэтилен өндіру бойынша жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Инвестициялардың жалпы көлемі 8,7 млрд долларды құрайды.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button