Биыл облысымызда 651 мың тонна астық жиналды

Бұл туралы «Қарағанды облысының экономикалық-әлеуметтік дамуы туралы» атты Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық комуникациялар қызметінде өткен брифингте аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев мәлім етті.

Сурет: Ашық дереккөз

–  Ауа райының қолайсыздығы егін жинау жұмыстарына әсер етті. Қазіргі таңда егіс алқабының 97%-ы жиналды. 651 мың тонна астық жиналды. Соның ішінде 3-классты бидай 35%, қалған 65%-ы 5-классты және жем-шөпке арналған бидай. 254 мың тонна картоп және 32 мың тонна көкөніс жиналды. Ет өндіру көлемі өткен жылдың деңгейінде қамтамасыз етілді. Сүт өндіру 1,8%-ға , жұмыртқа өнімі 8 %- ға өсті. Ауыл шаруашылығы саласында жалпы сомасы 10 млрд теңгені құрайтын 28 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл 193 жұмыс орының құруға мүмкіндік берді. 7,4 млрд теңгені құрайтын 24 жоба аяқталды,- деді аймақ басшысы.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.