Қарағанды

Биыл Қарағандыда қандай жолдар жөнделеді?

Халық алдында есеп берген Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров кеншілер шаһарында қай жолдардың жөнделетінін айтты, – деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Былтыр Құрылысшылар даңғылының Приканальная көшесінен Мұқанов көшесіне дейінгі бөлігінде күрделі жөндеулер басталған болатын. Қазіргі таңда бұл учаскіде кәріз желісі жаңартылып, орны ауыстырылып жатыр және нөсер канализациясы салынуда. Бұл жұмыстар биыл толықтай аяқталады деп жоспарланып отыр.

2017-ші жылдан бері Қарағандыда Республика даңғылы мен Тәттімбет көшесін қосатын Приканальная жаңа көшесі салынып жатыр. Жолдың гүлзар үлгісінде жасалған бір бөлігінде құрылыс жұмыстары аяқталды. Мұнда жаяу жүргіншілер жолдары, техникалық жаяужолдар, велосипед жолдары салынды және жарық шамдарының бағаналары орнатылды. Жолдың екінші бөлігі биыл  аяқталуы тиіс.

Сондай-ақ 2019 жылы қала басшылығы Волочавск көшесінде де жаңа жол салуды жоспарлап отыр. Аталмыш жол Республика даңғылы мен Тәттімбет көшесін біріктіретін болады. Оның ұзындығы 1,7 шақырымды құрайды. Жобада велосипед жолы, нөсер кәрізі және техникалық жаяужол қарастырылған.

Ал 14-ші ықшам ауданда биылғы жылы Майқұдық пен республикалық маңызы бар «Шығыс айналма жолы» трассасын қосатын айналып өту жолы салынады.

Күрделі жөндеулер қазіргі әрекеттегі жолдарда да жүргізіледі. Осылайша, ұзындығы 10 шақырымды құрайтын К.Маркс және Магнитогорская көшелеріндегі жолдар толықтай қалыпқа келтіріледі. Бұл жұмыстарды 2021 жылға дейін аяқтау көзделіп отыр. Сонымен қатар ұзындығы 8,8 шақырым жетінші магистраль (Саран шоссесінен бастап Тәттімбет көшесіне дейін) жолында күрделі жөндеу өткізіліп, оны 2020 жылға дейін аяқтау жоспарлануда. Сол жылы Тәттімбет көшесіндегі М-14 қиылысын қалыпқа келтіру аяқталады.

Басқа материалдар

Back to top button