Пікірлер

Бірлік түбі – береке

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың  «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» мақаласы халқымызды осы сын-сағатта тәртіптілікке, сабырлылыққа үндеп, біртұтас ел болуға шақырады. Әлемнің бір бөлшегі саналатын мемлекетіміздің бұл қауіп-қатерден де аман-есен шығатынына үлкен сенім білдіріп отыр. Аға буынның жауапкершілігіне үміт артып, жас ұрпақтың күш-жігерін көрсететін уақыттың жеткеніне арнайы тоқталып, ұрпақ сабақтастығының игі дәстүрлері өзінің жалғасын табады деп санайды. Кәсібін дөңгелеткен кәсіпкерлердің де ел мүддесі үшін сырт қалмауына назар аударады. Халықтың дін аман болуына мемлекеттің барлық іс-шараларының уақытында жасалғанына баса назар аударып, халықпен бірге екенін көрсетіп отырған Елбасы бұл өткелден де халықтың жұмылған жұдырықтай болып өтетініне шүбә келтірмейді. Еліміздің халқына береке-бірліктен айрылмай, біртұтас елдігімізді сақтап қалуға, барлығымыздың бірге болуымызға күш-жігер береді. Мың өліп, мың тірілген халқымыздың сан ғасырда талай қиындықты бастан кешіргені мәлім, рухы биік, арманы асқақ – Қазақ елінің бұл тығырықтан да жігерленіп, қайраттанып шығары сөзсіз. Халқымыздың дені сау, мемлекетіміздің «Мәңгілік ел» болары анық. Біз біргеміз!

Нұргүл НЫҒМЕТОВА,
Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің оқытушысы.

Басқа материалдар

Back to top button