Қарағанды

Білім бәйгесін бөктерді

     Қарағанды облыстық мамандандырылған «Дарын» мектебінде «ЮСИМАС» ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен «Асыл бала» республикалық конкурсының «Білім жолы» марафоны өтті.

Аталған марафонға №101 мектеп-лицейінің 1-2 сыныптарынан 10 оқушы қатысып, «Жас толқын» аталымы бойынша кубокты иеленді. Сонымен қатар, білім ордасының 2 «Б» сынып оқушысы Нұрбақыт Сұлтан «Ең үздік қатысушы» ретінде танылып, оған алтын медаль тақты. Ол ұялы телефон көмегімен роботты басқарып, 46 секунд ішінде кегельдер арасымен жүргізіп шығарды.

Марафонға №101 мектеп-лицейден қатысқан Карима Сиязбек те көзге түсіп, сертификат иегері болды. Алдағы уақытта Нұрбақыт Астанада дарынды балалармен білім сайысына түсіп, бақ сынасатын болады.

Жұпар ТОҚТАРҚЫЗЫ,

101 мектеп-лицейінің

мұғалімі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button