Жаңалықтар

Билік пен халық арасында мазмұнды диалог орнаттық – Тоқаев

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың ең басты міндетін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз ұлтты ұйыстыратын парасатты, тың идеялар мен ұсыныстарға айрықша мән беруіміз қажет. Бұл – Ұлттық құрылтайдың ең басты міндеті. Сондықтан мынадай бағыттарға назар аудару қажет деп ойлаймын», – деді Президент Ұлытаудағы құрылтайда. Мемлекет басшысы Қазақстан аумағында демократия дәстүрі жетілген, мықты азаматтық қоғам құрылатынын атап өтті.

«Бұл – стратегиялық бағытымыз. Осы бағдарды берік ұстануымыз керек. Соңғы үш жылда бұл салада біраз нәтижеге жеттік. Билік пен халық арасында мазмұнды диалог орнаттық. Бұған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі зор септігін тигізгенін атап өткім келеді. Сол арқылы бірқатар озық идеялар ұсынылды. Митингілер туралы демократиялық заң шықты. Партиялық сайлау тізіміне әйелдер мен жастар үшін отыз пайыздық квота енгізілді. Қоғамдық кеңестердің жұмысы жандана түсті. Саяси жаңғыру бағдарламасы арқылы оң бастамалар лайықты жалғасын табары сөзсіз», – деді Президент.

Басқа материалдар

Back to top button