Берері мол семинар
Қарағандыдағы №3 арнайы мектеп-интернатында «Есту қабілеті зақымдалған балаларды оқыту мен тәрбиелеудің әдістемесі» атты облыстық тәжірибелік-бағдарлы семинар өтті. Жалпы білім беретін мектеп пен колледж мұғалімдеріне есту қабілеті зақымдалған балалармен жұмыс жасауда әдістемелік көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылған семинарға аймақтан 25 мұғалім қатысты.
Аталмыш семинар теориялық және практикалық блоктан тұрды. Мұғалімдер мектеп-интернаттың тәрбие жұмысының ерекшеліктерімен танысты. Сонымен қатар, оқушыларды психологиялық-педагогикалық қамтамасыз етуді, есту қабілетінің бұзылуын түзетудің, сөйлеу, танымдық процестерді белсендірудің заманауи әдістері мен жеке құралдармен танысты.
Бұдан бөлек, ұстаздар тәрбиелік мәні бар іс-шаралар мен студенттер ұйымдастырған көрмені тамашалады. Тіпті, «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында театрландырылған қойылымын көріп, «Ым-ишара тілі – тұлғааралық қарым-қатынаста ұстаздар мен студенттердің баламалы қарым-қатынас құралы» шеберлік сыныбына да қатысты.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Оrtalyq.kz