Руханият

Белгілі қылқалам шебері Мәдихан Қалмахановтың жеке көрмесі өтеді

ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, ҚР Өнер академиясының корреспондент-мүшесі, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің аға оқытушысы, белгілі қылқалам шебері Мәдихан Қалмахановтың «Алтын ғасыр» атты жеке көрмесі өтеді. 3 қараша күні сағат 16:00-де Комиссаров көшесі, 35а мекенжайында өтетін көрмеге автордың 20-дан астам жұмысы қойылмақ.

Сурет: облыс әкімдігінің сайтынан алынды

Туындылары Ресей, Германия, Францияның мұражайлары мен жеке коллекцияларының жинақтарында сақталған суретшінің жеке көрмесінен қарағандылықтар Бектауата мен  Катонқарағай шатқалдарының әсем пейзаждарын, сондай-ақ күзгі мотивтер мен заманауи стильдегі натюрморттарды тамашалай алады.

– Көрмеге мен 21 сурет ұсынамын, оның 16-сы биыл салынған. Яғни, бұл суреттерді әлі ешкім көрген жоқ. Бұл негізінен Шығыс Қазақстан облысының пейзаждары, онда мен жазда жазушы, драматург Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына арналған көрмесінде болдым. Көрермен менің суреттерімнен эстетикалық ләззат алғанын қалаймын. Сондықтан барлықтарыңызды көрмеге шақырамын, – дейді суретші.

Көрме 29 қарашаға дейін жалғасады деп жоспарлануда.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button