Жаңалықтар

Басымдық білімге беріледі

           «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» – қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуындағы бiлiм беру жүйесiнің басым тұстарын айқындап берді. Мемлекет басшысы Үндеудегі үшінші бастамасында бәсекеге қабілетті маман дайындау үшін – жоғары білімге қолжетімділікті арттыруды міндеттеді.
Осы мақсатта жастарға жоғары техникалық білім бе­ріп отырған Қарағанды мем­лекеттік техникалық университетінде ғылым жолында тә­жірибесін шыңдап, еңбек етіп жүрген мамандар көп. Уни­верситет ғалымдары да ел экономикасындағы сұранысқа сай кадрларды өндіріске дайындауда. Қазіргі таңда техникалық мамандық таңдап, оқу бітірген студенттеріміз беделді кәсіпорындарға қызметке орналасады. Бұл жөнінде Елбасы «2018-2019 жылдары әр жылға қосымша 20 мың грант бөлуді ұсынамын. Оның 11 мыңы техникалық мамандықтар бойынша бакалаврлық білім беруге тиесілі болады. Бұл төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы жаңа экономикада зор сұранысқа ие болатын сан мың жаңа маманды даярлауға мүмкіндік береді», – деді.
Бұл бастама арқылы алдағы уақытта инженерлер, ақ­параттық технология, робот техникасы, нанотехнология са­ласының мамандарына басымдық беріледі деген сөз. Осы орайда, Елбасы мемлекет тарапынан Білім және ғылым министрлігі арқылы 2022 жылдың соңына дейін студенттерге арнап кемінде 75 мың орындық жаңа жатақхана салынатынын атап өтті.
Қазіргі таңда еліміздің білім жүйесіне тың идеялары мол, техникалық сауатты ІТ жастар керек. Сондықтан, біз­дің алдымызда халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің басымдылығын арттыру міндеті тұр.

Әсет РАҚЫШЕВ,
Қарағанды мемлекеттік
техникалық университетінің машина жасау мамандығы бойынша PhD докторы,
Технологияларды
коммерцияландыру бөлімінің жетекшісі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button